
Dong Bang Shin Ki
Dong Bang Shin Ki — Оңтүстік Корея поп-тобы, бүгінгі күні Азиядағы әйгілі поп-топтардың бірі. Алғашында ұжым бес қатысушыдан тұратын: Юноу Юнхо, Хиро Джэджун, Сиа Джунсу, Микки Ючхон және Макс Чханмин. 2010 жылдан бастап топ құрамы дуэтке дейін азайды. Олардың әуені — бұл поп-музыка, R&B, хип-хоп барлығының араласып келген түрі, рок әуендер болса аз кездеседі. «Dong Bang Shin Ki» тобының атауы «Шығыстың біртума құдайлары» деп аударылады. Сонымен қатар олар «Dong Fang Shen Qi» және «Tong Vfang Xien Qi» тобы ретінде қытайлық жанкүйерлеріне, ал Жапонияда «Tohoshinki» тобы ретінде белгілі. 2008 жылы 16-шы «Purple Line» жапон синглынің шығарылымымен байланысты Орикон чартында дебютқа шықты, DBSK тобы синглы «нөмір бір» орнын иеленді, осымен бесінші жапондық емес, азиаттық және тек қана жігіттерден құралған шетелдік топ ретінде әйгілі болды. 23-ші «Dōshite Kimi o Suki ni Natte Shimattandarō» атты сингл шығарылған соң, жарыққа шыға салысымен чартта тек қана бірінші орынды иеленген қатарынан 3 синглдері жаңа рекорд орнатты. 2009 жылы 25-ші «Bolero» атты сингл жарық көріп, өздері орнатқан рекордтан да асып түсті.